Оқушылардың табыстары жоғары бағаланып, облыс әкімінің Алғыс хатымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл – олардың таланты мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Жас дарындардың жетістігіне жетекшілік еткен ұстаздарымыз Ержанова Әсемгүл Есамановна мен Альфия Таңатқызының еңбегі зор. Олардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі жұмысы шәкірттердің биік белестерді бағындыруына жол ашуда. Мектеп ұжымы дарынды оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.
