27 Қырқ 2022
Жаңалықтар

Әлеуметтік педагогтің іс-шараларының жылдық жұмыс жоспары

БЕКІТЕМІН

№41 мЕКТЕП-гИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ

___________________ Қ. С. Азилов

№ 41  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА

АРНАЛҒАН әлеуметтік педагогтің

іс-шараларының ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

 

әлеуметтік педагог: Л.Жұмағалиева

Атауы:

Өткізілу форматы:

Мерзімі

Түсіндірме мәтін

1.

«Мектепке жол»

акциясы

тамыз-қыркүйек, қаңтар

Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету, оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі бойынша қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен жүргізілетін әлеуметтік шара.

2.

«Қайырымдылық – ізгілік нұры»

мәдени-ағарту шаралары, кездесу кеші, концерттік бағдарлама

жыл бойына

Еліміздің рухани адамгершілік байлығын, мәдени мұрасын зерттеп, оны оқушы, жастар бойына жұғысты қасиет етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару –жалпы әлеуметтік мәселе.

Осыған байланысты бала тәрбиесі, оларға жан жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау мектепшілік мәдени шараларына тікелей байланысты болып отыр.

3.

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

акция, көрме

қазан, наурыз

Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. «Ас адамның арқауы» деп халық бекер айтпаған. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз. Дұрыс тамақтанбаған адамның көңіл-күйі, оқуға ынтасы төмендейді.

Мектепшілік,қалалық деңгейдегі акция, көрмелер дұрыс тамақтану, уақытылы ыстық тамақ қабылдау туралы түсінік қалыптастыруға, оқушылардың ой-өрісін дамытып, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеуге бағытталады.

4.

Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру

жиналыс, баяндама, тренинг

қыркүйек, желтоқсан

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда әлеуметтік педагог негізгі рөл атқарады. Әлеуметтік жұмыс нәтижесінде, отбасы, мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі ол процеске тікелей қатысады.

5.

ЖИТС, нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде

семинар, сауаланама

қыркүйек, желтоқсан

ЖИТС, нашақорлық қазіргі таңда адамзаттың әлеуметтік мәселенің біріне айналып отыр. Оның зиянды жақтарын түсіндіру, кеселдің залалын жан-жақты оқушыға жеткізе алу, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру қоғам жауапкершілігі. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

Нашақорлық – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткіге деген әуестік өмір бойы сақталуы мүмкін. Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған туыстарының зор күш-жігерін, қаражат шығындарын қажет ететін, ұзақ та күрделі, қиын процесс екенін оқушыларға түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытты тиімді пайдаланып еліміздің белсенді азаматтары болуға тәрбиелеу.

6.

«Дені сау ұрпақ –ұлт болашағы»

волонтерлік қозғалыс, пікірсайыс

желтоқан, сәуір

Адам баласы үшін ең кымбаттысы – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулық.

Оны сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеудің» әлде қайда тиімді екенін ұғынып, спортпен шұғылдану, кітап оқу, хоббимен айналысу, еріктілікпен айналысып, бар күш-жігерін өзін-өзі дамытуға бағыттау. Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу педагог парызы пікірсайыс, тәрбие сағаттары негізінде өрбиді.

7.

«Таза қала – тірегім»

акция, сенбілік

қыркүйек, мамыр

Акция барысы халықтың тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында жүзеге асады. Шара кезінде қала бойынша тазалық жұмыстарын жүргізіп, үгіт – насихат құралдарын тарату жұмыстарын жүргізіледі.

8.

«Бала құқығы – адам құқығы»

Тәрбие сағаты, квест-ойын, челлендж

қазан-қараша

Адам баласы өзінің дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.

Сара Алпысқызы

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, әрине, бірінші кезекте – балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі болып келеді. Шараның басты мақсаты, оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

9.

Жаңа жылдық шара

концерттік бағдарлама

желтоқсан-қаңтар

Арнайы санаттағы отбасының балаларына арналған «қалалық, облыстық шыршаға» жолдама дайындау арқылы оқушыларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.

10.

«Түнгі қаладағы балалар»

жедел профилактикалық шарасы

жыл бойына

Профилактикалық акция жылдың әр мезгілінде ұйымдастырылады. Полиция инспекторлары ғана емес, балалардың түнде жүрмеуіне,тәртібіне мұғалімдер де, ата-аналар да мүдделі.

Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Қиындықты басынан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған балалар өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбен және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау –әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы.

Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.

Мектептің санаттағы отбасы категориясын ерекше қамқорлыққа алып, тәрбиесінде қиындық тудыратын балаларға қажетті мөлшерде сүйіспеншілік танытып, дарынды балалардың қабілеттерін дамытып, мотивациялық шара ұйымдастыру әлеуметтік педагог парызы.

Бала тәрбиесінің бала құқығы, салауатты өмір ұстанымы, патриоттық бағыттылығы сипатындағы мерекелер мектептің әлеуметтік іс-шаралар бағытының бірі болып табылады. Өйткені, адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Баланың психикалық хәл-ахуалының қалыпты болуы, әлеуметтік қорғалуы, бақытты балалық шақ – болашағы кемел мемлекеттің зор тірегі.

Атауы Жүктеу
1 Capbl Mañ PDF
2 MEKEMECI PDF
3 Отсканированные документы PDF